жоба каз Мемлек.қызмет Стандарт "Субсидиялау .....

Астана қаласы город Астана

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының1) тармақшасына
сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық даму

министрі Ж. Қасымбек

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

____________________________

2019 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің

2019 жылғы «___» ____________ бұйрығымен

бекітілген

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсететін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетунәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттардыМемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

2Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасау кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне жатпайды, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмеймемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – орындалған жұмыс актісі неосы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойыншамемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралыдәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушығаМемлекеттік корпорацияарқылы өтініш жасаған кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған, субсидияны тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз тасығыштағыхабарлама жіберіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушімен Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарды субсидиялау туралы шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға немесе 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат, 09.00-ден, 18.30-ға немесе 19.00-ге дейін.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға немесе 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға немесе 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) Мемлекеттік корпорацияның –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастар сенбіні қоса алғанда түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібіменкөрсетіледі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушының немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға ұсыну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ауданаралық (қалааралық облысішілік) және ауданішілік қатынастар бойынша:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына3-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына4-қосымшағасәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс актісі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына5-қосымшағасәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына6-қосымшағасәйкес нысан бойынша билеттерді сату бойынша есеп;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшағасәйкес нысан бойыншаТасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;

7) автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар;

қалалық (ауылдық) және қала маңылық қатынастар бойынша:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына3-қосымшағасәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына4-қосымшағасәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс актісі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына5-қосымшағасәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына6-қосымшағасәйкес нысан бойынша билеттерді сату бойынша есеп;

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына7- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;

6) маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйене отырып, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электронлық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда,осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшағасәйкес нысан бойынша Тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;

7) қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, маршрут (километр) бойынша өткен жолға сүйене отырып, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметтен алынған құжат;

8) қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындағандығын растайтын диспетчерлік қызметтің (бар болған жағдайда) құжаты.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкіметің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Құжаттар түпнұсқамен тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиянықұрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша түрде келісім алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық талап етілетін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының
9-тармағына сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының
9-тармағына сәйкес, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
9-тармағының 7), 8) тармақшаларында көзделген, қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда ғана ұсынылатын құжаттарды қоспағанда, толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру жеке басын куәландыратын құжатты (не оның өкілі нотариалды расталған сенімхат бойынша) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өтіп кеткеннен кейін өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 12353 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінегіздері болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердіңжәне (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не Мемлекеттік корпорация кеңсесі немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні,берілген шағымға жауап алудыңмерзімі мен орны көрсетілеотырып, шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдалғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымды қабылдаудың растамасы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы«жеке кабинеттен» жөнелткен кезде шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары

13. Тыныс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларыныңтұрақты бұзылуымен денсаулығынашарлаған көрсетілетін қызмет алушылар мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегіменМемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер» бөлімі;

2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kzинтернет-ресурстарында орналасқан.

15. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығыарқылықашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефоны
8 (7172) 98-35-53. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Нысан

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы)

Сізді ____________________________________________________________

(субсидияланатын бағыт)

бағыты бойынша субсидияны тағайындау бойынша шешім туралы хабарлаймыз.

Мәселелер туындаған жағдайда _____________________________________

(көрсетілетін қызметті берушіге)

жүгінуді сұраймыз

Орындаушы: ________________________________________ ____________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда),
жеке басын куәландыратын қолы)

Байланыс телефондары: _____________________________________

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Нысан

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы)

Сізді ____________________________________________________________

(субсидияланатын бағыт)

бағыты бойынша субсидияны тағайындамау бойынша шешім туралы хабарлаймыз.

Бас тартудың себебі:

___________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мәселелер туындаған жағдайда _____________________________________

(көрсетілетін қызметті берушіге)

жүгінуді сұраймыз

Орындаушы: ________________________________________ ____________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда),
жеке басын куәландыратын қолы)

Байланыс телефондары: _____________________________________

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

__________________________облысы

_________________________________

(қаласы)

бойынша жергілікті атқарушы орган басшысы _________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) кімнен________________________________________________________________

(өтініш берушінің толық аты, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы, деректемелері, телефоны)

Өтініш

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға__________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын 20__жылғы «__»__________мәліметтерді қолдануға келісемін (қолы)

20__жылғы «____»__________

_____________________________

(қолы, мөрі (бар болған жағдайда))

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

Нысан

Орындалғанжұмыстарактісі

____________ қаласы 20 __ жылғы«___»__________

Біз, төмендеқолқойған, Тапсырысберушініңөкілі____________________

____________________________________________________________________

(басшыныңлауазымы, тегi, аты, әкесiнiңаты (барболғанжағдайда)

біртараптанжәнеОрындаушыныңөкілі_________________________________ (басшының, бас бухгалтердіңқолы, тегi, аты, әкесiнiңаты (бар болғанжағдайда)

екіншітараптан, 20__ жылғы ________ айынаарналған_________________
(маршруттыңатауы, №)

маршрут бойынша ___________________қатынастажолаушылардытасымалдау (ішкіоблыстық, қалалық)

бойыншаорындалғанжұмыстаршарттыңталаптарынқанағаттандыратынытуралы осы актініжасадық.

Тасымалданғанжолаушылар саны:

_____________________________________________________________құрады.

(жолаушылар саны цифрменжәнежазуүлгісімен)

Қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда, орындалған тасымал көлемі ________________________________________________________________
(километр, цифрмен және жазу үлгісімен)

Субсидия сомасы:

____________________________________________________________ құрады.
(цифрменжәнежазуүлгісіменсомасы, теңгемен)

Тараптардыңзаңдымекенжайы:

Тапсырысберуші:

Орындаушы:

Атауы

Атауы

Мекенжайы

Мекенжайы

Банк деректемелері:
___________________________
(басшыныңқолы, тегi, аты,
әкесiнiңаты (бар болғанжағдайда)

Банк деректемелері:
___________________________
(басшыныңқолы, тегi, аты,
әкесiнiңаты (барболғанжағдайда)

___________________________
(бас бухгалтердіңқолы, тегi, аты,
әкесiнiңаты (барболғанжағдайда)

___________________________
(бас бухгалтердіңқолы, тегi, аты,
әкесiнiңаты (бар болғанжағдайда)

Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша

Нысан

20 __ жылғаарналған _____________________________________________

(ұйымныңатауы)

_________________________________________ облыс(қала, аудан) бойынша

Әлеуметтікмаңызыбар автомобиль қатынастарыбойыншанақтытасымалданғанжолаушылартуралы есеп

Р/с

Маршруттыңатауы(маршруттың нөмірі)

Маршрут түрі (атауы)

1 жолаушығабекітілгентариф

Есептік ай ішінде тасымалданғанжолаушылар саны

Жолаушылартасымалынантүскенқаражат, теңге

1

2

3

4

5

6

/*-------File-icons-------*/ .file_load { display: -moz-inline-box; display: inline-block; *zoom: 1; *display: inline; word-spacing: normal; vertical-align: top; width:190px; margin:0 30px 10px 0; } .file_load img{ vertical-align:middle; margin-right:5px; border:0px; } .line_separate{ border-top:1px solid #cccccc; height:1px; clear:both; padding:0 0 15px; width:100%; }

Новости

все новости
— 14 апреля 2023, пятница
В 2022 году КАО выполнил исследовательскую работу по саморегулированию в области пассажирского автотранспорта. В работе освещены вопросы законодательных основ саморегулирования в Казахстане, проблемы перевода отрасли на принципы саморегулирования, проблемы создания саморегулируемых организаций (СРО), даны пути решения и рекомендации госорганам и бизнесу по переходу на СРО.
подробнее
— 29 декабря 2021, среда
Жаңа жылыңызбен! С Новым годом!
подробнее